Баклажан [club111441355|ҚЫСҚА АРНАЛҒАН БАКЛАЖАННЫҢ ЕҢ ДӘМДІ САЛАТТАРДЫҢ 5 ТҮРЛЕРІН ҰСЫНАМЫЗ.
Сақтап қоямыз, керек болады!]
🍴1. БАКЛАЖАН ИКРАСЫ
Дəмі тіл үйіреді
1. Төртбұрышты туралған 1 кг баклажанды майға қуырып аламыз.
2. Ұзыншалап туралған 1 кг тəтті болгар бұрышын майға қуырып аламыз.
3. Пияздың да 1 килосын бөлек қуырып аламыз.
4. 1 кг сәбізді үккіштен өткіземіз де, оны да бөлек қуырып аламыз.
5. Барлығын үлкен қазанға салып, үстіне 1 кг майда туралған қызанақты, 2 ас қасық тұз, 2 ас қасық қант, 1 ас қасық уксус, майда туралған 5 тіс сарымсақты қосып, баяу отта 1,5 сағат бұқтырамыз.
Банкілерге салып, жауып, 10 шақты сағатқа орап тастаймыз.
Қысқа арналған салат дайын😋😋😋
🍴2. КӨК ҚЫЗАНАҚ ҚОСЫЛҒАН БАКЛАЖАН ИКРАСЫ
Қажетті заттар:
- 2 кг баклажан
- 5 кг қызанақ
- 1 кг көк қызанақ
- 1 кг тəтті болгар бұрышы
- 300 мл сұйық май
- 200 гр қант
- 1-2 шт ашты бұрыш
- 2 бас сарымсақ
- дəміңе қарай тұз, қара бұрыш
1. Баклажанды жуып, ұсақтап тураймыз да, тұзды суға салып 1-2 сағатқа қоямыз.
2. Қызанақты еттартқыштан өткіземіз де, қайнауға бастағаннан жарты сағат қайнатамыз.
3. Көк қызанақты ірі төртбұрыштап тураймыз. Болгар бұрышын да солай тураймыз.
4. Үлкен қазанға май құйып, жақсылап қыздырып, алдымен майда туралған ашты бұрыш пен болгар бұрышын салып, 15 минуттай қуырып аламыз да, артынан көк қызанақ пен судан сығып баклажанды салып, баклажан жартылай дайын болғанға дейін қуырамыз.
5. Сосын үстіне қайнап тұрған еттартқыштан өткен қызанақты құйып, жақсы қайнай бастағанда туралған сарымсақ, тұз, қант, қара бұрышты қосамыз. Сосын отты баяулатып баклажан түгелдей дайын болғанға дейін бұқтырамыз.
6. Салатты қайнап тұрған күйінде банкілерге құйып, жауып тастаймыз. Сосын қалың нәрсемен бірнеше уақытқа орап тастаймыз.
Қысқа арналған салат дайын 😋😋😋
🍴3. БАКЛАЖАН АДЖИКАСЫ
Күшті салат. Рецепты осы топтан алғам. Рахмет. Маған қатты унады. Сіздерде жасап көріңіздер. Окынбейсыздер. Дәмі керемет.
Бізге керегі:
- 4 кило баклажан
- 3 кило помидор
- 3 кило болгар перец
- 1 кило пияз
- 1 кило сәбіз
- зелень
- тұз, қант
- жарты литр сұйық май
- 4 бас чеснок
- 6 штук ашты перец
Бірінші бәрін жуып, тазалап алдым. Баклажан сыртын тазалап алдым. Помидор, сәбіз, пиязды мясорубкадан өткізіп алдымда, от жағып қызған қазанға куйдым. Пока ол қайнап тұрғанда, перецтерді өткізіп алдымда, қайнап тұрған помидордың үстіне куйдым. Пока осылар қайнап тұрғанда баклажанды мясорубкадан өткізіп алдым, артынан чеснокты өткізіп алдым. Бір сагаттай қайнаған қазанға баклажанды салдым. Тұз, қант салдым. Әрі қарай слабый огоньда қайнаттым. Астың әрдайым арластырып тұрдым, жабысып қалмасын деп. Дайын болуға 20 минут қалғанда, кыздырылган сұйық май, чеснок, майдалап туралган зелень қостым. Дайын болғанын білу үшін жеп көрдім, баклажан піскен болса, салат дайын болғаны. Банкіге салып жауып тастадым. На всякий случай орап тастадым. Общий 7-8 литр шығады екен.
Қысқа арналған салат дайын 😋😋😋
🍴4. КОБРА САЛАТЫ
Қажетті заттар :
- 2 кг баклажан
- 1 кг қызанақ
- 2 кг қызыл тәтті бұрыш
- 3-4 бас сарымсақ
- 2-3 шт ащы бұрыш
- тұз дәміңе қарай
- 2 стақан сұйық май
- 2 ас қасық уксуз
Дайындалуы :
Барлығын жуып тазалаймыз. Баклажанды 1 см дөңгелек етіп турап, тұзды суға 1 сағатқа салып қоямыз.
Қызыл тәтті бұрыш, қызанақ, сарымсақ, ащы бұрышты мясорубкадан өткізіп, тұз, уксус салып араластырып қоямыз.
Баклажанды судан алып, аздап жайып, кептіріп аламыз(5-10минут). Қызыған майға екі беті қызарғанша қуырып аламыз. (Майды аз-аздан салып қуырмасан өзіне тез сіңіріп алады).
Қуырып болған соң банкілерді булап, кезек-кезек баклажан мен соусты салып шығамыз. Қақпақтын үстінен қайнаған ыстық су құйып қоямыз. Банкілер болған соң кастрөлге салып, су құйып, 15 минут үстінен қайнатып, жауып тастаймыз. Үстіне мата жауып, суыған соң салқын жерге қоямыз.
Қысқа арналған салат дайын 😋😋😋
🍴5. САЛАТ КӨКӨНІСТЕР ҚҰМАРЛЫҒЫ
Қажетті заттар:
- 3 кг қызанақ
- 6 шт үлкен сәбіз
- 1,5 кг тәтті бұрыш
- 3 кг баклажан
- 2 бас сарымсақ
- 250 гр сұйық май
- 2,5 ас қасық уксус
- 0,5 л қант
- 3 ас қасық тұз
Дайындалуы:
1. Салат үлкен кастрюлде пісу қажет
2. Қызанакты мясорубкадан өткізіп, кастрюлге құямыз
3. Сәбізді теркадан өткізіп, туралған қызанақ үстіне салып, отқа қайнауға қоямыз.
4. Сол уақытта бұрышты тазалап, үлкен төртбұрыш етіп тураймыз
5. Баклажанды да тазалап, 1 баклажанды 8 бөлікке бөліп тураймыз
6. Қайнап тұрған қызанаққа бірінші баклажанды, ол қайнай бастағанда бұрышты саламыз
7. Артынан сұйық майды құямыз да, қант пен тұзды саламыз
8. Кастрюлдың бетін жауып баяу отқа қайнатамыз (тушим)
9. Салатты 30 минуттай қайнатамыз. (отқа байланысты). Арасында 1-2 рет араластырып коямыз. Көкөністер түгелдей пісу қажет. Және де қатты қайнап, езіліп кетпеуін де қадағалау қажет.
10. Пісті - ау дегенде, уксус құйып, 5 минуттай ұстаймыз
11. Салатты банкіге құйып, жауып, бірнеше сағатқа орап тастаймыз.
Қысқа арналған салат дайын 😋😋😋
🍴Асыңыз дәмді болсын! 🍴
Топқа тіркеліңіздер, біз сіздерге бəрін үйретеміз!