ммм Бауырдан рулет! Бұл енді ерекше нәрсе. Тағамдарды мақтай берген де ұят екен :) Бірақ шынымен мақтауға тұратындай дәмді және біздің той — томалақта дастархан басында көретін стандарт қазы-қарты, жал-жаядан әлде қайда дәмдірек деп ойлаймын өз басым. Не дегенмен қазымен салыстыруға келмейді әрине, бірақ сыйлы қонақтарыңызға мақтана қоятын тағам екеніне сенімдімін. Құрамы: Бауыр — 300 гр Пияз — 2 дана Сарымсақ — 3 түйір Жұмыртқа — 3 дана Сүт — 1,5 стақан Сұйық май — 0,5 стақан Ұн — 1,5 стақан Тұз Қара бұрыш Арасына: Майонез — 500 гр Сарымсақ — 2 түйір Қара бұрыш Тұз — аз ғана Сыртына: Жұмыртқа — 6 күлше үшін 3 жұмыртқа керек. Бауырды ет тартқыштан өткізіп, Пиязды ұсақтап турап, сарымсақ пен пиязды да өткізіп, Жұмыртқа салып, сүт құйып, тұзын, бұрышын салып, сұйық май құйып, араластырамыз.ұн салып,араластырамыз. Табаны тек 1-ақ рет майлаймыз да, қыздырып, 1 ожауын құйып, жан-жағына жайылуын қадағалаймыз. Пісіруі тура құймақты пісіргенмен бірдей. Арғы бетін аударамыз. Бұл өлшемнен шамамен 14-15 күлше шығады. Бірақ мен барлығын пісіруге уақытым болмағандықтан, қалғанын мұздатқышқа алып қойдым. (яғни қалғанын қатырып қойдым. сіздер де солай жасасаңыздар болады. Кейін жасайтын кезде мұздатқыштан шығарып, ерітіп, жасай бересіз.) Енді сыртын жасаймыз. О үшін жұмыртқаны бір ыдысқа салып, тұз салып, араластырып, майланған табаға жайып, құймақ сияқты пісіреміз. арғы бетін де аударып, пісіреміз. *Жалпы сыртына кәдімгі құймақты да дайындап орауға болады, бірақ мына түрі маған оңайлығымен ұнайды. Енді арасына жағатынын дайындаймыз. Майонезге сарымсақты езіп, тұз, бұрыш салып, араластырамыз. Мен барлығы 6 күлше пісірдім, сол 6-ынан 3 рулет шығады. Піскен жұмыртқаны алып, үстіне дайындаған майонезді соусымызды жағамыз, оның үстіне күлше қойып, тағы соусын жағамыз, үстіне тағы бір күлше қойып, тағы да майонез жағамыз. және ораймыз. Осындай рулет шығады. Қаласаңыз арасына піскен сәбізді үккіштен өткізіп немесе көк шөптер салып орасаңыз да болады. Рулетіміз дайын. АС БОЛСЫН!

Теги других блогов: рулет рецепт бауыр