«“Лә иләһә иллаллаһ” деген адам бәле мен қиындықтардан құтылады» (Бәззар)
«“Лә иләһә иллаллаһ” деп көбірек айтып имандарыңды тазалаңдар!» (Табарани)
«Амалдың ең құндысы “лә иләһә иллаллаһты” айту» (Хаким)
«Зікірдің (Аллаһты еске алудың) ең құндысы – “лә иләһә иллаллаһты” айту» (Нәсаи)
«“Лә иләһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық» (Дәйләми)
“Менің және басқа да пайғамбарлардың айтқан ең үстем нәрсесі – “лә иләһә иллаллаһ” сөзі» (Тирмизи)
«”Лә иләһә иллаллаһ” деген адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады.» (Ә.Яла)
«“Лә иләһә иллаллаһ” – жаннаттың кілті» (И Ахмед)
«”Лә иләһә иллаллаһ” деген адам сөзінде сенімді болса, барлық күнәлары кешіріледі» (И. Ғазали)
« Өлім халіндегілерге “лә иләһә иллаллаһ” деп айтуына талқын етіңдер, оларды жаннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт» (Әбу Нуайм)
«Ауыр халдегі науқасты “лә иләһә иллаллаһ” деп айтқызу үшін қинамаңдар, оған тек талқын етіңдер» (Дара Кутни)
«Соңғы сөзі “лә иләһә иллаллаһ” болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте өзіне нұр болады.» (Хаким)
«Ақыретпен дүние арасынан ақырет таңдалғанда “лә иләһә иллаллаһ” сөзі Аллаһтың ашуынан қорғайды. Ал дүние таңдалғанда “лә иләһә иллаллаһ” деген кезінде Аллаһу та’ала “өтірік айтасың, сөзіңде сенімді емессің” деп бұйырады» (Бәйхаки)
«“Лә иләһә иллаллаһ”деген адамға істеген күнәсінің есебінен кәпір демеңдер! Оған кәпір деген адамның өзі кәпір болады» (Бұхари)
«Күнде 100 рет “лә иләһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қиямет күні айдың 14-ші күніндей болып жарқырайды.» (Табарани)
(Жүзіншісінде “Мухаммәдун расуллуллаһ” деп қосып айтқан дұрыс. Тәжуидпен оқитын болса “Мухаммәдур-расулуллаһ” делінеді.)🌿